Accessibility links

АҚШ елшісі Ирақ сайлауын уақытында өтсе жөн дейді


Ирақ уақытша үкіметінің өкілі Тхир Әл-Наджип және АҚШ-тың Ирақтағы елшісі Джон Негропонте қауіпсіздік жағдайы қаңтардың 30-на белгіленген жалпы сайлауға кедергі жасамаса керек деп айтты бүгін. Мәлімдемелерін олар жеке-жеке айтты. Джон Негропонте аяқ астынан Фаллуджа қаласына келді, соғыстан кейінгі ең ауыр шайқастар осы қалада өткен болатын. Джон Негропонте Фаллуджада қаңтардың 30-на таман тиісті қауіпсіздік орнатылады деп ссенемін деді. Ирақтың 17 саяси партиясы қаңтардың 30-на белгіленген жалпы сайлауды алты айға шегіндіруге жұма күні сұраған болатын.
XS
SM
MD
LG