Accessibility links

Саяси сарапшылар: Румыниядағы президент сайлауының бірінші туры жеңімпазды анықтай алмайды


Бүгін Румынияда президент пен парламент сайлауының бірінші туры өтіп жатыр. Жаппай жемқорлық пен жоқшылықтың қасыретін көріп жатқан осы Балқан елінде дауыс беруге шамамен18 млн. халықтың құқық бар. Президенттік мерзімі біткен Ион Илиескудің орнына - премьер-министр Адриан Настазе мен оңшыл центристік “Әділет және ақиқат” саяси бірлестігінен ұсынылған Бухарестің әкімі Траян Базеску - 12 үміткердің ішінен ең бастылары саналуда. Саяси сарапшылардың ортақ пікірінше, сайлаудың бірінші туры жеңімпазды анықтай алмайтын тәрізді. Өйткені, толық жеңу үшін 50 пайыздан артық дауыс жинау керек. Екінші тур 12 желтоқсанға белгіленген. Ал парламент сайлауында, қоғамдық сауалнама көрсетіп отырғандай, не социал-демократтар, не оңшыл-центристер басым дауыс ала алмайды.
XS
SM
MD
LG