Accessibility links

Хамид Риза Азефи: ЕуроОдақпен арадағы келісім нәтижесіз аяқталған күнде, БҰҰ-ының Қауіпсіздік кеңесі тарапынан болуы мүмкін жазадан Теһран қорықпайды


Иран өзінің ядролық бағдарламасын тоқтату жөнінде ЕуроОдақ елдерімен жуырда қол жеткен келісімнен оның кейбір бабын шығарып тастауды талап етіп отыр. Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Хамид Риза Азефи бүгін ЕуроОдақпен арадағы келісім нәтижесіз аяқталған күнде, БҰҰ-ының Қауіпсіздік кеңесі тарапынан болуы мүмкін жазадан Теһран қорықпайды деп мәлімдеді. Франция, Германия және Ұлы Британиямен арадағы келісімінде Иран уранды байыту бағдарламасын тоқтатуға келіскен болатын. Ал енді Теһран уранды байытатын 20 қондырғысын өзіне қалдыруды талап етуде.
XS
SM
MD
LG