Accessibility links

Т.Ройд-Ларсен: Таяу Шығыстағы “тұрақтылық келісімі” Палестина автономиясындағы 9 қаңтарға белгіленген президент сайлауының ойдағыдай өтуіне кепіл болуға тиіс


БҰҰ-ының Таяу шығыстағы өкілі Терье Ройд-Ларсен осы аймақтағы “тұрақтылық келісімі” Палестина автономиясындағы 9 қаңтарға белгіленген президент сайлауының ойдағыдай өтуіне кепіл болуға тиіс деп мәлімдеді. Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен Қайырда өткен келіссөзінен кейін БҰҰ-ының өкілі осылай деп атап көрсетті. Оның пікіріше, Палестина мен Израиль арасындағы ондай келісім – қауіпсіздік, саяси-экономикалық және басқа да реформаларды негізге алуға тиіс. Терье Ройд-Ларсен, сондай-ақ, Қайырда Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкпен келіссөзге келген Палестина өкілдерімен де кездесті.
XS
SM
MD
LG