Ющенко мырзаның соңғы елбасылық сайлаулардың ресми қорытындыларына байланысты арыз тапсырғаны белгілі. Ол қорытындылар бойынша, Виктор Янукович елбасы деп жарияланған болатын. Елбасылыққа үміткер Виктор Ющенконың көмекшісі Украина елбасына талап қойды. Сонымен, Юлия Тимошенко Украина елбасы Леонид Кучманың өкімет басшысы Виктор Януковичті қызметінен босатуын және жаңа өкімет құрамын жасақтауды талап етіп отыр. Бұл талаптардың орындалуы үшін Тимошенко ханым елбасына 24 сағат уақыт беруде. Өткен аптада Януковичтің елбасы деп жариялануы жалған жолмен жасалған әрекет-, дейді оппозиция өкілдері. Ал коалициялық өкімет құрамын белгілеу үшін арнайы сессия шақыруды Тимошенко ханым Парламенттен талап етуде.
Оппозициядағы үміткер Ющенконың өтініші бойынша сот үдерісін Украина Жоғарғы соты бастамақшы
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Таяу Шығыс
Соғыс өрті шарпыған Газа халқының өмірі
-
Азаттық зерттеуі | 5-бөлім
Дубайдағы Қазақстан: араб жеріндегі "қазақ үкіметі"