Accessibility links

Бүгін украиндық Орталық банктің төрағасы Сергей Тихипко – барлық күш-жігерін В.Януковичке көмек беруге бағыттайтынын мәлімдеп, қызметінен кетті


Украинаның Жоғарғы соты бүгін оппозицияның шағымы бойынша президент сайлауының 2 турындағы ресми нәтижесінің заңдылығын қарауға кірісті. Оппозиция президент Л.Кучмадан В.Януковичті премьер-министр лауазымынан аластатуды талап етуде. Оппозиция лидері В.Ющенко В.Януковичті сайлау нәтижесін өз пайдасына бұрмалады және елді бөлшектеуге әрекет жасады деп айыптап отыр. Бүгін украиндық Орталық банктің төрағасы Сергей Тихипко – барлық күш-жігерін В.Януковичке көмек беруге бағыттайтынын мәлімдеп, қызметінен кетті. “Еңбекші Украина” партиясының лидері Тихипко – В.Януковичтің сайлау науқанын басқарды. Жоғарғы соттың төңірегінде В.Ющенко мен Януковичтің 4 мыңға жуық қолдаушысы жиналып тұр. Жоғарғы соттың мүшелері ғимаратқа Спецназ жауынгерлері есігін күзетіп тұрған ішкі аула арқылы кірді.
XS
SM
MD
LG