Accessibility links

Астаналық дәрігер Жақсылық Досқалиев әлемде тұңғыш рет адамның ұрығының жасушасын қондыру арқылы қант диабетінің алдын алуға болатындығын тәжірибе жүзінде көрсете бастады


Қазақстанда сусамыр(қант диабеті) ауруымен ауыратындар саны 120 мыңға жетеді. Соңғы төрт жылда оларды емдеуге бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де жылына сырқаттар қатары 12 пайызға артып келеді. Соған байланысты осы мәселені тұрақты зерттеп келе жатқан Астанадағы Жақсылық Досқалиев басқаратын ғылыми медициналық орталық дәрігерлері үш адамға операциялық жолмен ауру клетканың адам ұрығынан алынған сау клеткамен алмастыруды жүзеге асырды. Мамандардың бірқатары мұны медицинадағы үлкен жетістік десе, қайсыбірі сенімсіздік танытып отыр.

Дәрігер Жақсылық Досқалиев адамның ұрығының клеткасын жұлынға, бүйрек ауруына, бауырға қолданылып жатқандығын айтады. « Соңғы уақытта адамның ұйқы безінің ветта жасушасын, яғни, клеткасын осы қант диабетімен ауыратын сырқаттарға қолдануды бастадық. Нәтижесі жаман емес,-дейді.

Көп жыл Қостанай өңірінде хирург қызметін атқарған сенатор Бексұлтан Тұтқышев болса, адамның ағзасы қалай болғанда да бөтен жанның ағзалық клеткасын қабылдай алмайды, сондықтан Досқалиевтің тәжрибесі нәтиже бермейді деген пікірде.

Дәрігер Жақсылық Досқалиев те мұны жоққа шығармайды. Бірақ біз мұндай қадамға ұзақ жылғы тәжірибе арқылы келдік.дейді. Ол академик Мұқтар Әлиев бастаған дәрігерлер тобы 1990 жылдардан бастап адам ағзасына малдың без клеткасын ораналастырып байқаған. Алайда, ол ағзаның екі-үш жыл ғана ауруға қарсыласуына жараған. Сондықтан адамның жасушасы қолданыла бастаған.

Астанадағы президенттік медициналық орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Серік Ыбырайымовтың айтуынша, Қазақстанда бүгінгі күні ресми тіркелген 120 мыңға жуық қант диабетімен ауыратындар бар. «Олардың саны жылына 12 пайызға артып келеді. Оған бюджеттен көп қаржы жұмсалып жатыр»,-дейді Серік Ибраев.

Дәрігер Жақсылық Досқалиевтің айтуынша, Қазақстан мұндай операцияны жасай алады. Оған Қазақстанның мүмкіндігі бар. «Бірақ, жылына 20 шақты бүйректі ауыстыра аламыз. Ал республика бойынша ауыратындар саны аса көп болып отыр»,-дейді Жақысылық Досқалиев.

Сенатор Светлана Жалмағамбетова болса, мұндай тәжірибені жасағаннан гөрі бюджеттен қант диабетімен ауыратындарға бөлінетін қаржыны бір орталықтандырып, оны көбейте түскен жөн деген ойда.

«Светлана Жалмағамбетова қазақстандық сырқаттар үшін Германияның жасап шығарып жатқан инсулиндері қолайлы»,-дейді.

Ал, дәрігер Жақсылық Досқалиев болса, қазіргі таңда әлемдегі ең алдыңғы қатары үш фирманы атап отыр.

Дәрігер Жақсылық Досқалиевтің айтуынша қант диабетімен ауыратын әрбір жанды дұрыс емдеп отыру үшін жылына 113 мың теңге кетеді. Мұндай қаражатты төлеудің мүмкіндігі болмағандықтан дәрігерлер осындай тәжірибе жасауға барып отырған көрінеді. Жақсылық Досқалиев бір адамның жасушасын екінші адамға алмастырып салуға халықаралық медицинада тиым салынғанын растайды. Дегенмен, сусамырға қарсы әлемде тұңғыш рет операциялық жолмен жасуша алмастыру арқылы ем қолдану барысында өлі туған шарананың жасушалары қолданылып жатқанын айтады.
XS
SM
MD
LG