Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік – МАГАТЭ – бүгін Иранның уранды байытатын және ядролық қару жасауға қажетті отын да шығаратын 20 қондырғысын тоқтатқанын растады. Бүгін Венада журналистермен кездескенінде МАГАТЭ директоры Мухаммад Әл-Баради өзінің уранды байыту өндірісінің тоқтатылғанын агенттіктің тексеруіне мүмкіндік беру үшін Теһран әлгі 20 қондырғысын МАГАТЭ-нің бақылауына бергенін хабарлады. Бүгін Лондонда британ премьері Тони Блэр еуропалық үш елдің (Ұлы Британия, Германия, Франция) Ираннан өз уәдесінде тұруын талап ететінін атап көрсетті.
МАГАТЭ Иранның уранды байытатын және ядролық қару жасауға қажетті отын да шығаратын 20 қондырғысын тоқтатқанын растады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосына – 70 жыл
1992 жылғы 31 мамырдағы аза тұту күні неге Назарбаевсыз өтті?
AzattyqTV