Accessibility links

Хасан Роухани: Иран өзінің ядролық бағдарламасын біржолата тоқтатпайды


Иранның ядролық бағдарламасының жоғары лауазымды шенеунігі Хасан Роухани өз елінің уранды байыту бағдарламасын біржолата емес, тек бірнеше айға ғана тоқтататындығын айтқан. Роуханидің бұл мәлімдемесі Халықаралық атом энергия агенттігі Иран ядролық қаруды дамытуға бағытталған барлық әрекетін тоқататуға келісті деп шешім қабылдағаннан кейін бір күннен соң айтылып отыр. Роухани Иран уран байыту ісін Британия, Германия жане Франциямен келіссөздер барысында тоқтата тұратын болады деп атап көрсеткен: -Европалықтар Иран Ислам республикасына қазіргі технологияларға қатысты ынтымақтастық жөнінде кепілдік берулері тиіс. Оның ішінде ядролық техологиялармен қоса ұзақ мерзімді экономикалық байланыстар мен қауіпсзідік жане саясат салаларындағы ынтымақтасық та бар,- деген. Роухани ядролық қимыл-әрекеттер келіссөздер жалғасып жатқан мерзімге ғана тоқтайды, ал келіссөздер бір жылға емес, бірнеше айға ғана созылады деген. АҚШ дүйсенбі күні Иранның ядролық бағдарламасы турасында БҰҰ-ң Қауіпсіздік кеңесіне қайрылатын болуымыз мүмкін деп айтқан.
XS
SM
MD
LG