Accessibility links

Украина оппозициясы ресми үкіметпен келіссөздерді тоқтатып, өз наразылық шерулерін одан әрі жалғастырды


Наразы қауым үкіметтік ғимараттарды қоршауға кірісті. Бұр шаралар Украина парламенті сейсенбі күні үкіметке сенімсіздік даусын бермегеннен соң қолға алынды. Виктор Ющенконың жақтастары парламент ғимараты айналасындағы қоршауды бұзып кірді. Бірақ полиция оларды кері ығыстырды. Бүгін сәрсенбіде парламент пен Украина жоғарығы соты өз пікірлерін тағы да білдірмек.Орталық сайлау комиссиясы жеңіппаз деп жариялаған бар минстр Янукович егер сайлау кезінде заңсыздықтар орын алған болса, онда екі үміткер де науқаннан сыртта деп жарияланып, жаңа сайлау өткізілсін деген ұсыныс айтты.

-Егер өткен сайлау заңсыз деп табылса онда Юшшенко да мен де келесі сайлауда президенттікке үміт артпауымыз керек, - деген Янукович. Сондай-ақ, Янукович, егер президент болып сайлансам, Ющенкоға бас министрлік орынды ұсынар едім, деген. Бірақ оппозициядағы Юшшенко ол ұсынысты қабылдамады. -Жоқ рахмет, мен оныңызға көнбеймін, - дейді Юшшенко. Ал бұл арада бұл дағдарысты реттеуге көмектесу мақсатында Киевке Еуропа одағынан Хавиер Солана, ЕҚ және Ынтымақтастығы ұйымы бас хытшысы, Ресей Думасы төрағасы және Полша мен Литваның президенттері келді.
XS
SM
MD
LG