Accessibility links

Сербия президентінің өміріне қастандық жасалмақшы болған


Сербия президенті Борис Тадичтің кеңсесі президенттің өміріне қастандық жасауға әрекет етілді, оның автомобиліне басқа бір көлік келіп соғылмақшы болды деп хабарлаған. Мәлімдемеде президентің орталық көшемен келе жатқан жеңіл көлігіне қара түсті Ауди машинасы бірнеше рет соғылмақшы болғандығы жөнінде жазылған. Президент керуеніндегі көліктер зақымдалған, ал Ауди жеңіл көлігі ұстатпай кеткен. Тадич Сербияның президенті болып өткен маусым айында сайланған болатын. Ол өткен жылы наурыз айында өз кеңсесі алдында қастандықпен атып өлтірілген премьер-министр Зоран Джиндичтен кейін батысшыл Демократиялық партияның тізгініне ие болған еді.
XS
SM
MD
LG