Accessibility links

Тіршілік деңгейі жағынан әлемнің 111 елінің арасынан Қазақстан 96 шы орын иеленген


Лондонда орналасқан «The Economist Intelligence Unit» зерттеу тобының мамандары әлемнің 111 еліндегі тіршілік жағдайын зерттеп, оның қортындысын жариялап отыр.

Бұл зерттеу тобы адам тірішілігіне қатысы бар барлық себептерді мысалы, сол елдегі экономиканың басты көрсеткіші болып саналатын, бір адамға шаққандағы жалпы ішкі өнімнің мөлшері, елдегі әлеуметтік және отбасылық жағдай, елдегі жұмыссыздық деңгей, елдегі экономиканың өсу барысы, денсаулық саласының жағдайы, қоғамдағы ерлер мен әйелдердің теңдік жағдайы сондай ақ сол елдің географиялық орналасуы мен ауа райының жағдайы секілді көптеген шарттарды қарастырыпты. Осы көптеген шарттарды қарастырған зерттеу қортындысында Қазақстан әлемнің 111 мемлекеті арасынан 96 шы орынды иеленіп отыр. Бұрынғы кеңес одағы елдері арасынан бұл бәсекеде тәуірірек орындарға барған ол балтық жағалауы елдері.

Литва - 63 орынды иеленсе Латвия - 66 шы орынды ал Эстония –68 орында. Қазақстаннан кейін Украина – 98 ші орында, Беларусь – 100 ші, Түркіменстан – 102 ші , Қырғызстан – 103 ші орындарда. Ал Ресей болса 105 ші орында, ең нашар орындар 106 шы орын Өзбекстанға ал 107 ші орын Тәжікстанға бұйырыпты. Тәжікстаннан кейін Африканың Нигерия, Гайти, Зимбабве елдері бар.
XS
SM
MD
LG