Accessibility links

Маруан Бархути Палестина президенттігі сайлауына қатыспақшы


Израилдың бас министрі Ариел Шарон Палестина интифадасының түрмедегі жетекшіс Маруан Бархути президенттік сайлауға түрме тұтқынында отырып қатысуға тиіс болады деген. Бархутиді Израил бес мерзімдік өмірлік түрме жазасына кескен болатын. Бархути президенттік сайлауға тәуелсіз кандидат ретінде қатыспақшы. Бұдан сәл ертерек ол Фатах қозғалысының қатарында жікшілдік тудырмас үшін өз кандидатурасын алып тастаймын деген еді. Орталық сайлау комиссиясы Палестина президенттігінен үміткерлікке 10 кандидат тіркелді деп айтқан. Радикалды ислам Хамас қозғалысы мен Ислам жихады Палестинадағы президенттік сайлауға қатыспаймыз, бойкот жариялаймыз деген.
XS
SM
MD
LG