Ол бұл жауапкершілікті Европа одағының күштеріне өткізді. Европа күштерінің де міндеті мен қызметі тура сондай болады және әскер саны да шамамен 7 мыңдай.
Осы оқиғаға арналған Сараеводағы бүгінгі салтанатта НАТО одағының бас хатшысы Яап де Хуп Схеффер бұған тарихи жағдай деген баға берді:
-Бүгін НАТО өзінің Босния мен Герцоговинада тұрақтылық орнату қызметін аяқтап, бұл жауапкершілікті Европа одағына жүктеді. Бұл шындығында тарихи оқиға,- деген ол.
Американың бірнеше жүз әскері ғана Боснияда НАТО штабында қалады.
АҚШ-ң Боснияда бейбітшілікті қамтамасыз ету миссиясы да өткен аптада аяқталған болатын.
Солтүстік атлантикалық одақ Босния мен Герцоговинадағы бейбітшілікті сақтау қызметін аяқтады
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы