Accessibility links

Қайта сайлаулар өткізу жөніндегі Украина Жоғарғы сотының шешімі орындалуы тиіс, дейді елбасы Леонид Кучма.


Украинаның сайлау жөніндегі заңы, сондай-ақ Ата заңға өзгерістер енгізу жөніндегі құжаттарға қол қоюға әзір екендігін ол айтты. Ал, өкіметті тарату жөнінде ешқандай жоспарының жоқ екендігін ашық түрде мәлімдеп отыр. Оппозициядағы үміткер Виктор Юшенко болса елбасылық сайлауларда әділетсіздіктердің орын алмауы үшін сайлау туралы заңға өзгерістер енгізуге шақырған болатын. Сондай-ақ Ата заңға өзгерістер енгізу арқылы елбасының рөлін азайтып, Парламентті күшейте түсу көзделуде. Ел басшылығына қойып отырған жоғарыдағы үш талабы орындалғанға дейін өкімет ғимараттары маңында көше бөгесіндерін жасауға жақтастарын Юшенко мырза шақырған болатын.
XS
SM
MD
LG