Accessibility links

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Ресей федералдық жиналысының федерация кеңесі күндері ашылды


Аталған шараға Ресей федералдық жиналысының федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов бастаған делегация мүшелері қатысуда.

Қазақстандағы Ресей жылы аясында өтіп жатқан шара барысында меймандар парламент Сенатының және Мәжілісінің төрағаларымен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ Қазақстандағы және Ресейдегі қаржы бақылау саласын жетілдірудің келешегі, заңсыз есірткі айналымымен халықаралық терроризмге қарсы күрестегі өзара ынтымақтастық, Қазақстанда және Ресейдегі мемлекеттік құрылыстың негізгі бағаттарын заңдық қамтамасыз ету мәселелері және басқа да тақырыптарда «дөңгелек үстел» отырыстары өтуде.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында Ресей федералдық жиналысының федерация кеңесі күндерінің салтанаттты ашылуында Параламент Сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаев екі жақты ынтымақтастықтың мұнай-газ, энергетика, көлік, әскери –техникалық, экология, сондай-ақ ғарыштық кеңестікті иегруде жемісті іске асып жатқанын атады. Екі жақты қарым-қатынастың дамуында Байқоңыр ғарыш айлағын 2050 жылға дейін ұзарту туралы келісімді маңызды деп атап көрсетті. Сенат төрағасы Ресейдің Қазақстан үшін басты сауда серіктесі болып қалатынын, бұл орайда осы жылдың соңында сауда айналымы 7 миллиард долларға жеткенін атады. Бұл өткен жылдан 1,5 есе көп көрсеткіш екен.

Өз сөзінде Ресей федералдық жиналысының федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов парламентаралық ынтымақтастықтың маңызын, сонымен қатар Қазақстаннан үйренетін мәселелердің көптігін айтты. Миронов мырза қазақстандық әріптестеріміздің индустриалдық-инновациялық саясат саласындағы тәжірибелеріне қызығушылық танытып отырмыз дейді. Сондай-ақ ол заңсыз есіркті айналымы мен халықаралық терроризмге қарсы күрестегі ынтамқатасты айрықша атады.

Сергей Миронов бастаған делегация мүшелерінің Мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановпен кездесуінде өзара ынтымақтастықты дамыту жайы сөз болды.

Ресей федералдық жиналысының федерация кеңесінің төрағасы Сергей Мироновтың айтуынша, федерация кеңесінің күндері Ресейден тыс жерде бірінші рет өтіп отыр.

Біз қазақстандық достарымыздан көп нәрсені үйренетінімізге қуанамыз.Өйткені, көптеген реформаны Қазақстан аяқтады. Ал, Ресей оларға енді кірісуде. Бұл әсіресе, әлеуметттік салада және басқа да мәселелерде дейді Сергей Миронов.

Сергей Мироновтың пікірінше, құқық қолдану тәжірибесіне мониторинг жасауға маңыз беру қажет. Өйткені, парламент заңды қабылдап, оны сосын ұмыт қалдыру дұрыс емес дейді.

Құқық қолдану тәжірибесіне монтиторинг жасау ісіне Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов қазақстан тарапының да қызығушылық танытатынын айтты. Алайда, бұл әзірге ұсыныс деңгейінде дейді Мәжіліс төрағасы.

Ал, заңсыз есіркті айналымымен халықаралық терроизмге қарсы күрестегі ынтымақтастық тақырыбына арналған «дөңгелек үстел» отырысында Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нартай Дүтбаев экстремизммен терроризмге қарсы күресте екі ел арнайы органдарының қарым-қатынасы нығаюда екенін айтты.

Бүгінгі күні маңзы қадамдардың бірі экстремистік және террористік ұйымдардың біріңғай тізімін дайындау, бұл жұмыстар Ресей және Қазақстан тарапының қатысуымен, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясында және аймақтық деңгейде жасалуда деді Нартай Дүтбаев. Дүтбаевтың айтуынша, Қазқастан Жоғары сотының шешімімен төрт халықаралық ұйым теоррористік ұйым деп танылып, олардың Қазақстан аумағындағы қызметіне тиым салынған. Бұл «Әл-каида», «Шығыс Түркістан ислам партиясы», «Күрд халық конгресі», «Өзбекстанның Исламдық қозғалысы». Бұл тізімді кеңейту жұмысы экстремистік қызметке қарсы күрес туралы заң жобасы қабылданғаннан кейін жалғасады деді Нартай Дүтбаев.

Өткен екі жылда Қазақстан парламенті 14 екі жақты және көп жақты құжаттарды ратификациялаған.
XS
SM
MD
LG