Дүйсенбі, желтоқсанның 13-і күні Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық өкілдері Алматы қаласында жұма, желтоқсанның 10-ы күні қауымдастық ғимаратының алдында ұйымдастырылған пикет турасында түсінік берді. Қауымдастықтың вице-президенті Зәуре Зауырбекованың айтуынша, бұл белгісіз күштердің арнайы арандатушылық мақсатпен ұйымдастырған акциясы. Ол белгісіз топтардың кім екенін Зауырбекова ханым ашып айтпады. Ал, жұма күні қауымдастық ғимаратының алдына жиналған топтың арасында болған Қостанай облысынан келген Әділжан Кенжеғалиев: «бізде бір-ақ талап болды. Ол қауымдастық басшылығымен жүздесіп, арыз-шағымымызды айту еді» деп отыр.
Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың вице-президенті Зәуре Зауырбекова: «қауымдастық ғимаратының алдында пикет ұйымдастырғандар қойып отырған талаптар бізде әлдеқашан шешіліп қойылған, яғни ондай мәселелермен пикет ұйымдастыруға еш негіз жоқ» деп отыр. Ал, Қостанай облыстық тәуелсіз кәсіподақтар орталығының төрағасы Игорь Колов бұл пікірмен келіспейді. «Жұма желтоқсанның 10-ы күні орын алған акцияға қатысушылардың әрқайсысының өзіндік талаптары болды. Өз басым қайтадан жұмысқа орналасу мәселесін көтергенмін» дейді Игорь Колов. Естеріңізге сала кетсек, жұма, желтоқсанның 10-ы күні Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық құрамына енетін Соколов-Сарыбай кен-өнеркәсіп бірлестігі мен Донск кен байыту комбинатының 50-ге тарта жұмысшысы аталған қауымдастық ғимаратының алдында рұқсат берілмеген пикет ұйымдастырған болатын. Олар қауымдастық басшылығына еңбекақыларын көтеру, жұмыс жасауға қолайлы жағдайлар қалыптастыру турасында талаптар қойған еді. Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық баспасөз қызметінің жетекшісі Жарқынбек Әлімбетов: «біз ондай акцияның ұйымдастырылатынынан ерте бастан хабардар болғанбыз. Бірақ, оны кім ұйымдастырғанын білмейміз» дейді:
- Біздің де арнайы қауіпсіздік қызметіміз бар. Солардың шешімі бойынша біз әзірге осындай болжам жасап отырмыз. Пикет ұйымдастырғандар жолдағы жүргіншілердің жүрісіне кедергі келтірді. Сосын олардың қолындағы плакаттарға қарасаңыз, 1-2 күнде дайындалып шыға салған деп айтуға да негіз жоқ. Одан қалды пәленбай кісіні Алматы қаласына алып келіп, қонақ үйге жатқызу кімнің ақшасына жүзеге асырылып жатыр. Анығында жұмыстан шығып қалған кәсіпорын еңбеккерлері осынша қаржы шығарып, әлгіндей қадамға барушы ма еді.
Ал өзінің 1999-шы жылы Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық құрамына енетін кәсіпорын ішінде тәуелсіз кәсіподақ орталығын құруға ат салысқанын айтқан Қостанай облысының Рудный қаласынан келген Әділжан Кенжеғалиев: «бұл пикетті ұйымдастырған топтарды іздеп, болмаса, оның астарынан саяси сарын қарастыру қисынға келмейді. Пикетті ұйымдастырған тәуелсіз кәсіподақтар орталығы. Бұл ретте біз құрған ұйымды кәсіподақтар конфедерациясымен шатастыруға болмайды» деп отыр. Әділжан Кенжеғалиевтің айтуынша, бұлар қауымдастық ғимаратына бар болғаны қауымдастық басшылығына өздерінің арыздарын жеткізуге келіпті. Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың вице-президенті Зәуре Зауырбекованың айтуынша, қауымдастық құрамындағы кәсіпорындарда өндірілетін өнім Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің 4 пайызын құрайды. Бұл деректі Зауырбекова ханым пикет ұйымдастырған азаматтардың өз плакаттарына қауымдастық басшыларын «олигарх» деп жазып алғандарына байланысты келтірді. «Егер наразылық танытқан азаматтарды шынымен де тек әлеуметтік сауалдар толғандырса, біз оны шешуге дайынбыз» дейді Зәуре Зауырбекова. Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастық баспасөз қызметінің жетекшісі Жарқынбек Әлімбетов аталған шараны кімдер ұйымдастыруы мүмкін деген сауалға мынандай жауап қайтарды:
- Қазір біздің елімізде осынау экономикалық жетістіктерімізді көре алмайтындар көп. 1994-ші жылы осы кәсіпорындардың барлығы тұралап жатқан кезде, ешкім тәуекелге барып, оны жандандырып кетуге ат салысқан жоқ. Сондай азаматтар мінекей кәсіпорынымыз гүлденіп, дамыған кезде, оны тартып алуға ниетеніп жүр. Бұның барлығы саясатқа қатысты. Ал, біздің саясатқа ешқандай қатысымыз жоқ, онымен айналысқымыз да келмейді.
Жұма, желтоқсанның 10-ы күні болған пикетке байланысты түсінік беруге журналистерді жинап баспасөз-мәслихатын өткізген Еуразиялық өнеркәсіптік қауымдастықтың қоғаммен байланыс департаментінің директоры Алексей Пан сөз арасында «қауымдастық басшысы Александр Машкеевич Қазақстан республикасының азаматы емес» деген деректі айтып қалды.