Accessibility links

А.Настасе: “Т.Басеску – румын халқының қалауы бойынша Румынияның жаңа президенті...”


Румыния премьер-министрі Адриян Настасе президент сайлауының екіші турында өзінің жеңілгенін мойындады. Кеше берілген дауыстардың 99 пайызын есептеп шыққан сайлау комиссиясының мәліметі бойынша оның бақталасы, оппозицияның үміткері – Бухарест әкімі Траян Басеску 51.23 пайыз дауыс жинаған, ал Адриян Настасенің өзі 48.77 пайыз ғана дауыс алған. Кешегі коммунистік, бүгінгі солшыл әлеуметтік-демократиялық партияның үміткері А.Настасе ұлттық теледидар арқылы сөйлеген сөзінде “...Сайлау нәтижесі - Траян Басескудің Румынияның жаңа президенті болғанын көрсетіп берді. Бұл румындардың қалауы болды. Мен халықтың тілегін құрметтеймін”, -деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG