Орталық сайлау комиссиясы жариялаған қорытындыларға қарағанда, оппозиция басшысы Трайан Басеску 51,23 пайыз дауысқа ие болса, ал өкімет басшысы Адриан Настас 48,77 пайыз көрсеткішке қол жеткізген. Басеску мырза: “Сыртқы саясатымыздағы біздің басты мақсатымыз- 2007-ші жылдың 1-ші қаңтарында Еуропа одағына мүшелікке өту”-, деді. Оның басқаруындағы одақ басқа да шағын партиялармен бірлесе отырып, Парламенттегі көпшілікті құрамақшы.