Accessibility links

Камаль Харрази: “Теһран өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде Вашингтонмен арада өзара сыйластық пен тепе-тең принципте талдауды қалайды”


Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөзге АҚШ-ты да қатысуға шақырған ресми Теһранның ұсынысын Вашингтон қабылдамады. Ақ үйдің ресми өкілі Скотт Мак-Клеллан ЕуроОдақтың Теһранмен арадағы қазір келіссөзін Вашингтон қолдайды деп мәлімдеді. Бірақ ол келіссөз Иранның ядролық бағдарламасын уақытша доғаруға емес, біржола жоюға ден қоюы керек деп атап көрсетті. Ресми Теһран Вашингтонның астыртын түрде жойқын қару жасап жатыр деген айыбын жоққа шығарып келеді. Сейсенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Камаль Харрази: “Теһран өзінің ядролық бағдарламасы жөнінде Вашингтонмен арада өзара сыйластық пен тепе-тең принципте талдауды қалайды”, -деп мәлімдеді.

AzattyqTV

АҚШ-ты көру арманы

Ағылшын тілін 72 жаста оқу

XS
SM
MD
LG