ЕуроОдаққа төрағалық ету кезегі келген Люксембургтің премьер-министрі Жан-Клод Юнкердің (Juncker) атап көрсетуінше, Ресей мен ЕуроОдақ арасындағы проблема – “негізінен психологиялық проблема”. Гаага қаласында қараша айында өткен жоғарғы деңгейдегі бас қосуда Мәскеу мен Брюссель қауіпсіздік мәселесінде тығыз ынтымақтасу мәселесі бойынша ортақ тіл таба алмауы салдарынан жан-жақты келісімге қол қоя алмады. Ресей Батысты Чешенстандағы адам құқықтарына қол сұқты және ЕуроОдаққа мүше Балтық елдері - Латвия мен Эстониядағы орыс тілділерге “екі ұшты стандарттарды” қолданды деп айыптады. Бірақ сейсенбіде Мәскеуге келген бетінде Люксембург премьері екі жақ ынтымақтастық туралы келісімге мамыр айында қол қояды деп мәлімдеді.
Люксембург премьері Ж.-.К.Юнкер: “екі жақты ынтымақтастық туралы келісімге Мәскеу мен Брюссель мамыр айында қол қояды”
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Өлімнен құтқарар эликсир
Путин мәңгі өмір сүргісі келе ме? Ресей қартаюмен күресетін ұлттық жоба бастады
-
Қарағанды облысы
Тән жарасы мен жан азабы. Зауытта зардап шеккен жұмысшының күресі