Желтоқсанның 15 і күні Алматыда «Альянз Франсез» яғни «Франция Одақтасы» атты Франциядағы ең бір беделді әрі ықпалды қауымдастықтың орталығы ашылып, өз жұмысын бастады. Алғаш 1883 жылы Париж қаласында құрылған бұл ұйымның мақсаты шетелдерде француз тілін үйрету арқылы француз мәдениетін тарату, насихаттау ісі болмақ.
«Альянз Франсез» қауымдастығы Франция үкіметінің қолдауына ие болғандықтан ол өзінің өкілдігі немесе орталығын әлемнің 130 елінде ашып отыр. Ал Қазақстан болса 131- ші мемелекет болып осы ұйымның орталығы Алматыда ашылып отыр. Қазақстандағы Франция елшілігінің кеңесшісі Франсуа-Оливье Сейс мырзаның айтуынша Алматыдағы Достық даңғылы бойында орналасқан осы орталыққа француз тіліне, оның мәдениетіне қызыққан кімде кім келіп,таныса алады.
Оқу залы, тіл үйрету залы, кітапхана және аудио-видео техникасының залы бар. Кітапханада 10 мыңға жуық әдеби, техникалық және тіл саласына қатысты кітаптар бар дейді елшіліктің кеңесшісі.
Ал осы жаңадан ашылған орталықтың директоры Лаура Нурпейсованың айтуынша Қазақстан президенті Н.Назарбаев пен Франция президенті Жак Ширак екеуі екі ел арасындағы мәдени, экономикалық байланыстарды дамытуға келіскен болатын. Алматыда «Альянз Франсез» орталығының ашылуына байланысты әдейі Қазақстанға келген Франция Парламентіндегі Франция-Қазақстан парламенттік топтың жетекшісі, сенатор де Монтескию де өзінің соңғы жылдары Қазақстанға жиі келетіндігін осыдан 10 жыл бұрынғы Алматы мен қәзіргі Алматыны айырып тану қиын екендігін айтады.
Ал Франция мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды нығайту ісіндегі еңбегін Франция үкіметі жоғары бағалап Францияның үлкен орденін кеудесіне таққан Қазақстан ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова Алматыда ашылған жаңа мәдени орталық жұмысына табыс тілей отырып, Франция үкіметі тарапынан Құрманғазы атындағы Қазақтың ұлттық консерваториясына көрсетіп отырған көмек жәрдеміне алғысын білдіретіндігін айтты.