Францияның сыртқы істер министрі Мишель Барньенің мәлімдеуінше, Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөздерді қайта жалғастыру – АҚШ-тың Еуропамен арадағы қарым-қатынасы үшін үлкен сын болмақшы. Бұл, оның атап көрсетуінше, Палестинада 9 қаңтарда өтетін проезидент сайлауынан кейінгі басым міндет болып табылады. Сәрсенбі күні Вашингтонда АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Пауэлмен келіссөзінен соң ол осылай деп мәлімдеді. Өз кезегінде К.Пауэлл Израильді Палестинадағы сайлаудың қарсаңында “ұстамдылық пен ынтымақтастық” көрсетуге шақырды.