Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Трибунал НАТО-ның 8 мүшесінің 1999 жылы Косово өлкесін бомбалауын генoцид деп Сербия мен Черногорияның тіркеген жайттарын қабылдамады. Халықаралық Трибуналдың 15 судьясы ондай айыпты негізсіз деген пікірмен бірауыздан келісті, өйткені әлгі шағымдар 1999 жылдың сәуірінде тіркелген болса, Сербия мен Черногория БҰҰ-ының мүшесі болған жоқ-ты. БҰҰ-ының Халықаралық Трибуналы Ұлттар ұйымына мүше елдер арасындағы дау-дамайды ғана қарауға құқылы.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Шыңжаңдағы қуғын-сүргін
"Туындыларым қар көшкендей әсер етсе деймін". Қазақстандық фотограф Ядыкар Ибраимовтың күресі