Accessibility links

Ж.Ширак: “Түркияның ЕуроОдақ қатарына қабылдануы – Парижге де, бүкіл Еуропаға да тиімді”


Сәрсенбі күні Франция президенті Жак Ширак Түркияның ЕуроОдақ қатарына қабылдануы – Парижге де, бүкіл Еуропаға да тиімді деп мәлімдеді. Сонымен бірге францұз президенті Анкара ЕуроОдақтың барлық талап-шартын түгел орындауға тиіс деп атап көрсетті. Осы күні Еуропа парламенті ЕуроОдақ басшылығын Түркиямен арадағы келіссөзін бастауға, ал Анкараны елдегі демократиялық реформаларды жалғастыруға және екіге бөлінген Кипр мәселесін оң шешуге шақырды. Түрік премьері Р.Т.Эрдоган Еуропарламенттің бұл Қарарына, бір жағынан, ризалық білдірсе, екінші жағынан - өзіне қолайсыз шарттар қойылған жағдайда, Түркия ЕуроОдақа кіруден бас тартуы ықтимал деп ескертті.
XS
SM
MD
LG