Accessibility links

Түркияның Еуропа Одағына кіру келіссөздерін белгілеу қиынға түспек


Түркия қазіргі кезеңде Еуропа Одағына өту талпынысымен Еуропа Одағымен келіссөз бастауға дайындалып жүргені аян. Алайда, Түркияны Еуропа Одағының мүшелігіне үміткер деп тану қиынға соғатындай. Бейсенбі күні кешкісін Брюссельде Еуропа Одағының басшылары жиналып мәселені талқылайды. Түркия басшылығы егерде біз қабылдамай алмайтын шарттар қойылатын болса Еуропа Одағына шақыру ұсынысын қабылдамай қоямыз деп ескертті.

Еуропа Одағының жиынында әңгіме қиын болмақ. Түркияны Еуропа Одағына шақыру кезеңінде қоғамдық пікірдің салмағы басым болады делініп отыр. Әлеуметтану зерттеулері Еуропа Одағындағы көптеген елдерде халықтардың көпшілігі Түркияның одаққа қабылдануына қарсы деп көрсетеді. Франция президенті Жак Ширак сәрсенбі күні Франция телекомпаниясына сұхбат беріп, қажет болса ұлттық референдум өткіземіз деді. "Жалпы Түркиямен келіссөз келесі жылы басталар, ал одаққа қосылу шаруасы 10-15 жылға созылар", - деді Франция президенті. Франция, Австрия және Дания басшылары Түркияға "одақ мүшесі" деген дәреже емес, "одақтың бас серіктесі" деген мәртебе берсе жөн деп ұсынады. Түркия сыртқы істер министрі Абдұлла Гүл сәрсенбі күні сөйлеген сөзінде Еуропа Одағының Копенгаген саяси өлшемдері деген алдын-ала талаптарын орындағанбыз, Еуропа Одағының басшылары ертеректе айтқан сөздерінде тұрады деп үміттенеміз деді:

- Түркия өз міндеттемелерін орындады деп білеміз. Үміттеніп отырғанымыз заңды және орынды. Еуропа Одағының басшылары үлкен көрегендік танытып, бұдан бұрын қол қойылған және айтылған сөздерінде тұрады деп үміттенеміз, одаққа толық өту келіссөздері басталатын күн келесі жылға белгіленеді де сенеміз.

Абдұлла Гүл Түркияға "одақтың бас серіктесі" деген мәртебе берілсін деген ұсынысқа шамданған. Одақ басшылары компромисс табайық деп отыр, келіссөздерді белгілеу мерзімі ашық болсын, дегенмен Түркияны Еуропа ұйымдарымен жақындастыра беру керек депте айтылады. Еуропа Одағының президенті Жеузе Мануелл Барозу осыдан біршама мезгіл ғана, бейсенбі күні, Түркияға толық мүшелік ұсынған жөн деді:

- Түркиямен келіссөз бастасақ ол Еуропа Одағының толық мүшелігі жайында болса жөн. Соңғы сәтте қойылатын шарттар болмау керек, келесі талапты орында деген жаңа сөз болмау керек. Түркиямен келіссөз бастайтын уақыт келді деп білемін.

Еуропа Одағының президенті сәрсенбі күні Еуропа Парламентіне үндеу айтып, Түркия құқық заңдарын реттеді, одақтың алдын-ала талаптарын орындады деді. Еуропа Одағы президентінің бұл сөздері Түркияны қолдайтын елдердің пікірімен үндес. Германия сияқты кейбір одақ мүшелері Түркияны шеттету оның таяуда жасалған демократиялық реформаларына теріске шығаруы мүмкін дейді. Одақтың кейбір елдері Түркиямен келіссөз бастауға қарсы болса да, келіссөздердің басталуы келесі жылдың соңына белгіленуі мүмкін. Еуропа Одағының саммиті жөніндегі оптимистік болжам осындай. Түркия келіссөз басталатын күн нақты белгіленсін деп талап қойып отыр.

AzattyqTV

Павлодар мен Көкшетау

Көше атын өзгерту дау тудырды

XS
SM
MD
LG