Accessibility links

Қазақстан халқы тәуелсіздік күнін тойлауда


Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік шараның ресми басталуы түскі сағат 12-деп белгіленгенімен, халық алаңға таңертеңгі сағат 10 нан бастап жинала бастады. Біз осы ретте мерекеге шыққан қала халқынан тәуелсіздік күніне байланысты ойын білмек болып, микрафон ұсынған едік. Республика алаңына келген Қазақстанның халық әртісі Роза Бағланова тәуелісздік алған 13 жылдың ішінде Қазақстан әлемдегі іргелі мемлекеттер қатарына қосылды, ел дамып келеді, ал кездескен кемшіліктер болса оппозиция мен үкімет болып екі жаққа тартпай келісіп жұмыс істеу керек дейді.

-

Елім әйтеуір қанатын жайып келе жатыр. Кемшіліктер болса, оларды үлкен біліммен, айқайламай, ел болып кеңесе шешуге болады ғой. Тәуелсіздігіміз құтты болсын. Cабыр Түменов есімді азамат, Қазақстанның тәуелсіз ел болатындығын менің әкем сонау 60-шы жылдары-ақ айтып кетіп еді, сол қуанышты мен көріп отырмын дегенді айтады.

-

Сонда ол айтып еді, кейін қазақстан тәуелсіз ел болады, әлемдегі ең мықты елдердің біріне айналады деп. Сонша жылдан кейін мен, сол кісінің баласы армандаған тәуенлсіздігімізді көріп отырмын. Қазақ халқы ертеден демократияға жақын ел ғой. әрине бұл тарапта атқарылатын іс көп, біз әлі толық ел болған жоқпыз. Мен президенттің ұстанған саясатын қолдаймын, алайда оның төңірегіндегілер сол саясатты бұрмалап отыр. Ұстаз болып істейтін Бибімәриям есімді әйел шаңырағымыз үшін тәуелсіздік мерекесі отбасылық мерекеге айналып кеткен дейді.

-

Міне 13 жыл бойы біз отбасымызбен “Республика алаңына” келіп, Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қоямыз. Отбасымызда бұл мерекені тойлау дәстүрге айналған.

Республика алаңына жиналған халықтың көпшілігі Тәуелсіздік монументіне гүл шоқтарын қойып жатты. Олардың арасында Алматы қаласының әкім-қараларынан ешкімді байқай алмадық.Мерекелік шараның түскі 12-дегі ашылуында да ресми орындар тарапынан ешкім қатыспады. Арнайы құрылған сахнадан тек әншілер өнер көрсетті. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінің Ерік есімді студенті қол жеткен тәуелсіздіктің баянын жастар сезіне алмай отыр, жастарға рух беретін мемлекеттің шенеуіктері ең болмағанда Тәуелсіздік ескерткішіне келіп тағзым етуге де жарамады дейді.

-

Жастарға ойдағыдай көңіл бөлініп жатқан жоқ. Мәселен бүгін ең алдымен жастарлдың рухын көтеру керек еді. Бірақ ондай ештеңе болмады. Мына жерге қала әкімі бірінші келіп гүл шоқтарын қоюы керек еді. Оның бірі де болған жоқ. Меніңше бұл мемлекет басшыларының біздің тәуелсіздігімізге немқұрайды қарайтынын көрсетіп тұр.

Тәуелсіздік жолында 1986-шы жылы Республика алаңында құрбан болған жандардың руына құран бағштауға келген “Алланұр” руханият - сауықтыру бірлестігінің төрағасы Болат Балақажы Төлегенұлы өзін құқық қорғау орындарының Тәуелсіздік монументіне жібермей қойғанын айтады. -

Жылда көремін, тәуелсіздік жолында құрбан болған құрбанлдарға осындай күндері құран бағышталмайды. Содан 3-4 жігіт Тәуелсіздік монументіне келіп сол жандардың әруағына бағыштап құран оқиық, деп едік сол мүмкін болмай тұр. -

Сіздерді кім жібермей тұр? -

Дәл мынау жібермей тұр деп айта алмаймын. Тек рұқсат керек деп бір-біріне сілтейді. Бізге 10 минут берсе болар еді. Тәуелсіздік күніне орайластырылған мерекелік шарада негізінен отансүйгіштік, туған ел, туған жер туралы әндер орындалды.
XS
SM
MD
LG