Бүгін таңертең Израиль армиясы палестиндік босқындардың Газа аймағындағы 2 лагеріне басып кірді. Ассошэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, Израиль танктері мен өзге техникасы Газаның оңтүстігіндегі Хан Юнис лагеріне таңертең басып кіріп, баспаналарды қиратуға кірісті. Израиль армиясының мәлімдеуінше, бұл шара палестиндіктер лагерлерден еврей қоныстарын зымырандармен және минаатқыштармен атқылауға жол бермеу үшін жүзеге асырылып жатыр. Кеше армия базасының жанында мина жарылып, израильдік 11 жауынгер жеңіл жараланды.