Батыс ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ-тың қауіпсіздік қызметтері бейсенбі күні Интернетке шыққан аудио үндеуді Усама бин Ладиннің өзі жазған деп есептейді. Ол үндеуінде Усама бин Ладин ислам экстремистерінің таяуда Сауд Арабиясындағы АҚШ консульдігіне шабуыл жасаған ісіне бата беріп, оларды енді Парсы шығанағындағы мұнай өндірістеріне қарсы диверсияларды бастауға шақырды: "Біз АҚШ-тың Джидда қаласындағы Консульдігіне шабуыл жасаған моджаһеддерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз! Біздің Палестина мен Ирақтағы қандастарымызға өлім мен қасырет жайған олар, яғни америкалықтар, өздерін қауіпсіз сезінеді. Олар қайда болмасын, өздерін қаперсіз сезіне алмайды”. Усама бин Ладин, онымен бірге, Сауд Арабиясының басшылығын елінен қуылған Иран шахының кебін киюі мүмкін деп ескертті.
Усама бин Ладин: "Біз АҚШ-тың Джидда қаласындағы Консульдігіне шабуыл жасаған моджаһеддерге Алланың нұры жаусын деп тілейміз!
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?