Accessibility links

Румынияның жаңа президенті болып сайланған Траян Басеску бүгін ресми түрде міндетіне кіріседі


Осыдан 1 апта бұрын премьер-министр Адриян Настасемен бәсекелестікте Румынияның президенті болып сайланған Траян Басеску бүгін ресми түрде міндетіне кіріседі. Т.Басеску ант беріп, таққа отырысымен Рождество мейрамы алдында жаңа коалициялық үкіметті жасақтау үшін елдегі саяси партиялармен дереу келіссөзге отыратынын хабарлаған болатын. Соңғы парламент сайлауында не Басеску бастаған Әділет және Ақиқат одағы, не бұрынғы коммунистік, қазіргі Әлеуметтік-демократиялық партия басым қолдауға ие бола алмады. Этникалық мажарлардың партиясы сенбі күні Одақпен келіссөзге баратынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG