Украинадағы президент сайлауындағы екі бақталас В.Ющенко мен В.Янукович 26 желтоқсанда өтетін қайта дауыс берудің алдындағы жалғыз телеайтысқа бүгін түседі деп күтілуде. Кеше президенттің баспасөз-қызметінен хабарланғандай, мерзімі тақаған президент Л.Кучма сайлау заңына өзгерістер енгізу туралы Украина парламенті - Жоғарғы рада мақұлдаған заңды қол қойып бекітті. Бұл өзгерістер сайлау нәтижесін бұрмалауға жоол бермеу мақсатында оппозицияның талабы бойынша қабылданды.