Accessibility links

Кеше Ирақта 60-тан аса кісі қаза тапты


Кеше Ирақтың Бағдад, Ән-Наджаф және Кербала қалаларында болған бірнеше жарылыс пен қарулы шабуылдан 60-тан аса кісі қаза тапты. Шийт мұсылмандарының ұстамды көсемдері діндестерін ұстамдылыққа шақырып, елдегі барлық террористік қастандық пен шабуылды Ирақта азамат соғысын бастап, қаңтар айындағы сайлауды болдырмауды көздеген “ұр да жық” сүннилер мен С.Хусеиннің үзеңгілестері ұйымдастырып жатыр деп мәлімдеді. Ирақ премьері Айад Аллауи қауіпсіздік күштері зымырандардың партиясын тәркіледі деп хабарлады. Ол зымырандармен партизандар сайлау күні дауыс беру мекемелерін атқылауды жоспарлаған көрінеді.

AzattyqTV

Жаһан жаңалықтары

Жээнбеков кім?

XS
SM
MD
LG