Accessibility links

Әлем музыкасы мен жаңа технологиялардың бірігуінің нәтижесінде желтоқсанның 21-інеде Алматыда «Адиемус – Қазақстан» концерттік шоу жобасы өтетін болады


Бүгінде, Қазақстан Республикасының қайраткері , көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты, скрипкашы Марат Бейсенғалиевтің арманы - симфониялық орындауға жаңа техналогияларды енгізу арқылы, классикалық музыканы көпшілікке мүмкіндігінше түсінікті ету. Сол мақсатта ертең Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында «Адиемус - Қазақстан» атты концерттік – шоу өткізілмек. Аталмыш кеште Марат Бейсенғалиевтің қызы, Лондондағы Корольдық колледж оқушысы Арухан Бейсенғалиева да өз өнерін көрермен назарына ұсынады деп күтілуде.

«Адиемус» - классика, фольклор және поп – музыка синтезі. Музыканың авторы - әйгілі Англия композиторы Карл Дженкинс. Лондондық музыка колледжының профессоры, дирижер Джон Андерсон, Карл Дженкинс дискілерінің дүниежүзіне 17 миллиондық тиражбен тарағандығы, оның музыкасының көпшілікке танымал әрі қызық екендігін дәлелдейді дейді.

- Оның музыкасын «Әлем музыкасы» дейді , өйткені ол жалпы халықтың бәріне бірдей тәндік және қызық.

Концерттік шоу жобаның аты « Адиемус – Қазақстан » деп аталады. Жобаның авторы мен продессері Марат Бейсенғалиевтің пікірінше, бұл музыка өзіне жаңадан тыңдаушылар аудиториясын жинамақ, олар осы шоу арқылы классикалық музыканы жеңіл қабылдап, түсінетін болады. Сонымен қатар, бұл концерт барысында бірқатар жаңалықтар егізіледі деп күтілуде.

- Концерт барысында touch screen құралы қоладанылатын болады. Ол – залдағы көрерменге мүлдем көрінбейтін, скрипка ысқығының тиіп кетуімен ноталарды ауыстыратын өте жұқа түрлі – түсті құрал. Touch screen құралын қолдану оркестр ойыны мен дыбыс жазу сапасын көтермек.

Сонымен қатар, Марат Бейсенғалиев Батыс –Қазақстан филармониялық оркестірімен алдымыздағы жылдың қаңтар айында, Карл Дженкистің жаңа музыкасын таспаға басу жұмыстарына дайындық үстінде. Бүгінде Еуропалық ең ірі дыбыс жазатын компаниялардың бірімен келісім шартқа қол қойылып та қойған екен. - Ол компанияда алдыңғы қатарлы продессерлермен дыбыс режиссерлер жұмыс жасайды. Сондықтан барлық жұмыс Лондода жүргізіледі.

Ал желтоқсанның 21-і күні өтетін концертке Марат Бейсенғалиевтің қызы Арухан Бейсенғалиева, Күләш Байсеитова атындағы музыкалық мектеп оқушыларынан құралған «Адиемус -Қазақстан» хор тобы, сонымен қатар «Самрұқ» би тобы , профессор Мұхтар Өтеуовтың соқпалы аспаптар тобы және Марат Бейсенғалиевтің Батыс Қазақстандық филармониялық оркестрі қатысады.
XS
SM
MD
LG