Accessibility links

Қазақстанның кейбір балалар үйінде тек дін сауаты күшпен оқытылған


Бұған дейін, мұсылмандардың бас діни басқармасына ұл қыздарын балалар үйіне берген ата-аналар шағымданып келген. Олардың айтуынша, жетім және тастанды балаларға өздерін құдай куәгерлері атайтын сектанттар діни сабақтарды күшпен оқытады екен. Мұсылмандардың бас діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғарқажы Өмірбек осындай шағымдашунылардың сөзін келтіріп отыр:

- Ешкімге білдірмей, жеке үйлерде ұстап өздері пансионат сияқты ашып алған. Сонда тек күштеп оқытады екен. Олар оқығысы келмейді. Аналар оқымаса, оларды сабайды екен.

Елдің барлық аймақтарында жүргізілген прокурорлық тексерулер барысында, Қазақстанда 15 жеке меншік балалар үйі бар екені, онда 272 тастанды және жетім балалардың тәрбиеленетіні нақтыланды. Тексеру барысында, балалар үйінің бірнешеуінде білім туралы, лицензиялау туралы және балалар туралы заңдардың баптары бұзылғандығы анықталған, дейді бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Қадіржан Маматаев:

- Қарағанды облысының Теміртау қаласының «Сион» балалар үйінде таң ертеңнен кешке дейін библияны оқытуды мақсатқа қойылған. Кітапханаларын қарағанда, бірде бір басқа кітап емес, тек қана діни нанымдарды уағыздайтын кітаптардың бар екендігі анықталды.

Алматыдағы православ шіркеудің протеирейі Анатолий Измеровтың айтуынша, балалар үйіндегі жеткіншекетрге діни сабақтарды мұсылмандар да, христиандар да емес, тек батыстан келген сектанттар жүргізеді дейді. Ал, Қазақстандағы провославиялық дінді уағыздаушыларда бұған дейін бір гимназия болған, бірақ, ол экономикалық себептермен жабылған соң, Қазақстанда тек шіркеулердің жанында жексенбілік мектептер ашылған. Онда да, дін сауаты аптасына екі күн беріледі, дейді Анатолий Измеров.

Бас прокуратура департаментінің аға прокуроры Қадіржан Маматаевтың айтуынша, дін сауатын ашатындардың кейбіреуі Сауд Арабиясындағы әлемдік ислам жастары ассамблеясының құрылтайшылығымен дүниеге келген. Қадіржан Маматаевтың айтуынша, діни сабақ беретіндер ірі қалаларда заңсыз әрекеттер жүргізген:

- Астана қаласында «Соловей» балалар үйінде таңғы сағат жетіден жатарға дейін басқа да христиан діндерін уағыздауды басты міндетке қойған. Алматы облысында жетімдерге арналған үйде 92 жасөспірімге қатаң түрде теледидардағы бағдарламаларды көруге тыйым салынған. Сондай-ақ, радио, бұқаралық ақпарат құралдарды тыңдауға тыйым салынған.

Қазір, Қазақстанға Польшадан, Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген діни уағыздаушылар бар, дейді прокуратура өкілдері. Мұсылмандардың бас діни басқармасының баспасөз хатшысы Оңғарқажы Өмірбекте балалар үйіндегі жеткіншекетрге діни сабақтарды тек батыстан келген сектанттар жүргізеді, дейді. Оңғарқажы Өмірбектің сөзіне қарағанда, Қазақстандағы мұсылмандарға арналған медреселерде балаларға білім заңына сәйкес, дін сауатының сыртында, басқа да пәндерден дәріс беріледі:

- Діни сауатын ашып жатқан адамдардың бір-екі жылдық курстарында 14 пән оқытылады, ол тек қана құран емес қой.

Алматыдағы шіркеудің протеирейі Анатолий Измеровтың айтуынша, сектанттар тек балалар үйінде ғана емес, Қазақстанның басқа да мекемелеріне бас сұға бастаған. «Мысалы, мен Алматыдағы қиын жеткіншектерді реабилитациялау жөніндегі орталықта да жексенбі сайын, дін сауатын ашатындар болып тұратынын көрдім», - дейді Анатолий Измеров.

Бас прокуратура жүргізген тексеру нәтижесінде Қазақстанның білім министрлігіне аталған олқылықтар бойынша шара қолдану туралы ұсыныс жасалған. Ал, тексеріс барысында, заң бузу фактілері анықталған Астанадағы «Соловей» балалар үйі мүлде жабылды.
XS
SM
MD
LG