Accessibility links

Чехияның Темелин атом электр стансасынан 20 мың литр радиоактивті сұйық төгілді


Чехия үкіметінің хабарлауынша, осы елдегі Темелин атом электр стансасынан төңірекке 20 мың литр радиоактивті сұйық төгілген. Станса өкілінің мәлімдеуінше, бұл оқиғадан төнген қатер жоқ. Радиоактивті сұйық атом стансасындағы екінші ректордың салқындатқыш жүйесінен автоматтық бақылау жүйесінің істен шығуы салдарынан төгілген. Бұл станса Чехияның Аустриямен арадағы шекара аумағында болды.
XS
SM
MD
LG