Accessibility links

Қазақстанда 405 мың адам шартты жер үлесінен айрылса, 49 мың гектар жер телімі сатылып кеткен


Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығы желтоқсанның 21-інде «ҚРЖер кодексіне» қолдау көрсету жобасына байланысты атқарылып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Енді он күннен кейін Қазақстанда жер үлесі бар адамдардың қосалқы жалға беру мерзімі-субаренда тоқтатылады. Яғни, сол арқылы күнкөрісін айырып отырған бюджеттік мекемелердің мыңдаған қызметкерлері мен зейнеткерлердің жер үлесі мемлекеттің меншігіне өтіп, сатуға шығарылады. Қазақстанның Фермерлер одағы, Шаруа қожалықтары мен кооперативтерінің «Қазақстан фермері» ұлттық қауымдастығы, Парламент депутаттары Үкіметтен екінші қайта жалға беру мерзімін тағы да ұзартуды сұрап отыр. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Алматыдағы орталығының бөлім меңгерушісі Лариса Нойфельдтің айтуынша, жер мәселесі мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігінің кепілі. «Ұйым бұған дейін Сыртқы істер министрлігі, Жер агенттігімен жұмыс істесе, енді фермерлік ұйымдармен заңды түсіндіру бағытында жұмыс жасап жатыр»,- дейді. «Қазақстан фермері» ұлттық қауымдастығының президенті Тұрарбек Құдайбергеновтың айтуынша, халыққа ең маңызды болып отырған Жер Кодексінің 170-ші бабы. Еуропаның қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен бірлесіп 7 облыста семинар кеңестер ұйымдастырған. Телефон арқылы үш күн «Тікелей байланыс » акциясын өткізген.

Қазақстанның Фермерлер одағының президенті Әділхан Өмірбаев: «Үкіметтің жер реформасы туралы есебінде бәрі жақсы сияқты, алайда, жергілікті жердегі жағдай тым қиын. «Бес облыста кеңсеміз бар. Жұрт жерін ресімдеуге үлгере алмай жатыр. Қазақстанның 22 ауданында нотариус та жоқ. Республикада 7800 ауылдық жер бар екендігін есептесек олар нотриусты қайдан таппақ»,-дейді Парламент Мәжілісінің бұрынғы депутаты Серікбай Әлібаевтың айтуынша, Үкімет өткен Парламенттің депутаттарын жер сататын заң қабылдауға мәжбүрледі. Сөйтіп, биліктегілер мен қаржылы топтардың жерлерін заңдастырып бермек деген пікірде.

Қазақстанның Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары Каналбек Райымбековтың айтуынша, желтоқсанның 1-іне дейін 49 мың гектар ауыл шаруашылық жері сатылған. Оның 17 мың гектары мемлекеттік емес заңды тұлғаға сатылса, 32 мың гектары Қазақстан азаматтарына сатылды. Оның бағасы 1 миллиард 33 миллион теңгені құрады. Парламент Мәжілісінің депутаты Михайл Трошихин «Біз әділ, ашық экономиканы қолдаймыз. Қазақстанда бірде-бір адамның қиянат көрмеуін қалаймыз. Оларға 2005 жылы да жерін заңдастыруына қосымша уақыт берейік,-десе, Қазақстанның Жер ресурстарын басқару агенттігі төрағасының орынбасары Каналбек Райымбеков 2002 жылы ақ Қазақстанда 405 мың адамның жерінен айрылып қалғандығын айтып отыр.

Ақмола облысының Сандықтау ауданының әкімі Өмірсерік Мұсабаевтың айтуынша, мұнда жерді қайта ресімдеу толық аяқталған. Серікбай Әлібаевтың айтуынша, жерге мемлекеттік көзқарас түзелсе, экономикалық қауіпсіздікке кепілдік күшейеді. «Ұлыбританияның өзінде жер иесіне әр гектар жерге 500 доллардан қайтарымсыз қаржы беріледі екен. Егер Үкімет жерді игеруге шаруаларға қайтарымсыз қаржы бермейтін болса, онда оған кететін шығын өнімнің өзіндік құны өсуіне әсер етеді де Қазақстанды шетелдің азық-түлігі басып қалады. Қазірдің өзінде Павлодардың базарында Новгородтың, Құлындының қаймағы, шұжығына дейін сатылып жатыр»,- дейді.

Қазақстан Үкіметі «Жер кодексіне» төрт өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы бастама көтерді. Ал Парламент Мәжілісінің депутаттары оған 28 өзгерту мен толықтыру енгізу қажеттігін айтып отыр. Оның ішінде 170-ші бапты яғни, қосалқы жалға беру мерзімін ұзарту да бар.
XS
SM
MD
LG