Accessibility links

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Одағына 13 жыл толды


Дәл осыдан 13 жыл бұрын яғни 1991 ші жылдың желтоқсанның 21 і күні Алматыда бұрынғы кеңес одағы құрамында болып кейін өз тәуелсіздіктерін жариялаған мемелекеттердің басшылары Алматы декларациясы дегенді жариялап, бұрынғы кеңес одағының картасында тәуелсіз мемлекеттер достастығы одағын құрған болатын. Бұл ұйым кеңестік жүйедегі бір бірімен шырмалған экономикалық байланыстарды реттеп оны жолға қою мақсатында әрине өте қажет ұйым болғаны белгілі. Бірақ уақыт өте келе бұл ұйым өзінің басты мақсаттарын орындай алмады.

Отан партиясының саяси кеңесінің мүшесі Болатхан Тайжанның айтуынша Мәскеу өзінің бұрынғы арам пиғылына басып бұл ұйым арқылы өз үстемдігін қайта орнатқысы келді. Сондықтан да ол алдымен өз жағына Астана, Минскіні тартқысы келді. Бұл ТМД ға мүше басқа мемлекетерге үлкен ой салып олар ТМД дан өз іргелерін аулақтай бастады. Осы 13 жыл ішінде ТМД шеңберінде неше мыңдаған құжат қағаздарға қол қойылса да олардың орындалғаны санаулы ғана дейді ол.

Ал қоғам қайраткері Балташ Тұрсынбаевтың пікірінше қызыл империя құлаған соң оның орнына бұндай бір ұйым керек болған. Алайда уақыт өте келе ТМД өзінің қауқарсыз ұйым екендігін көрсете алды. Ал ТМД ға мүше елдердің басшылары болса жылына бірнеше дүркін кездесіп оындай үлкен мәселерді талқылап сөйлесіп жатырмыз деп халықты және халықаралық қауымдастықты алдаумен болған. Сондықтан бұл ұйымға сену қиын дейді ол. Саясаткер Әміржан Қосанов болса ТМД секілді қажет керек ұйымды бұрынғы партия басшыларының басқарғандығы өте қателік болып отыр.

Себебі олар сол бұрынғы үйренген әдеттерімен Мәскеуге жалтақтап қарап соның айтқанын орындайтын жағдайдан өзгере алмады дейді. Ал саясаткер Дос Көшім Қазақстан үшін ең дұрысы Мәскеу, Минскімен одақ болғаннан гөрі өзінің көршілес, туыстас Орта азиялық елдермен бірге солармен тығыз экономикалық және саяси одақ құрғаны пайдалы дейді.
XS
SM
MD
LG