Accessibility links

Ресей президенті Вл. Путин Германиядағы екі күндік сапарын аяқтады


Владимир Путин неміс канцлері Герхард Шредермен бірқатар мәслелерді талқылаған. Кездесулерден кейінгі Шредермен бірлесіп өткізілген баспасөз-мәслихатында Вл. Путин Шешенстан жанжалын шешу үшін Европа одағымен және Германиямен бірлесіп жұмыс істеуге өзінің әзір екендігін білдірген. Сондай-ақ Украинада өтетін қайта сайлау барысында оппозиция кандидаты Виктор Ющенко жеңіске жететін болса, онымен де бірлесіп жұмыс істеуге дайынмын деген Ресей президенті. -Мен Ющенкомен таныспын, бұл жерде ешқандай проблема көріп тұрған жоқпын,-деген ол. Путин мен Шредер немістің жылдам жүретін поездарын Ресейдің теміржолдарында пайдалану тұрғысында да уағдаластыққа қол жеткізген.
XS
SM
MD
LG