Американдық әскерилер кеше Ирақтың солтүстігіндегі әскери базадағы жарылыс салдарынан кемінде 19 солдат опат болып, 60 адам жараланды дейді. Кейбір хабарларға қарағанда қаза тапқандар саны 22-24 болуы да мүмкін.
Сунит мұсылмандарының жаугерлік Ансар-әл Сунна тобы бұл шабуыл жауапкершілгін өз мойнына алған.
Америка әскерилерінің аймақтық қолбасшысы, генерал Картер Хэм мұндай әрекет Ирақтағы американдық әскерилердің қызметіне әсер ете алмайды дейді:
- Бұл Мосулдағы ең бір қайғылы күн, алайда мұндай жайлар үнемі болып тұратындықтан да, солдаттар өз міндеттеріне қайта оралып, мақсаттарының толық орындалуына бар күштерін жұмсайтын болады,-дейді генерал.
Парижде Франция премер-министрі Жан Пьер Раффарин Ирақта төрт айдан бері кепілдік тұтқынында ұсталып келген екі француз журналисі босатылғаны жөнінде хабарлаған. Сондай-ақ Британия премьері Тони Блэр де кеше Бағдадта болған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Аида Балаева және аккредитация
Министрлікті сотқа берген журналистердің уәжі қандай?