М.Шоқайдың өмір деректері зерттелген бұл ғылми кітаптың құндылығы жөнінде Ұлттық кітапхананың директоры Мұрат Әүезов бұл Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін үлкен олжа деп бағалады.
Ал кітап авторы қәзір Түркияның Мимар Синан Университетінде оқытушы болып істейтін, тарихшы, ғылым докторы Әбдуақап Қараның айтуынша оның М.Шоқайға деген ынта ықыласы сонау 1988 жылы Мьюнхендегі Азаттық радиосының қазақ редакциясында жұмыс істей бастаған кезден басталған. Сол кезде радионың түркі тілдес редакцияларында М.Шоқайдың тарихи тұлғасы мен саяси идеаларына деген құрмет басым болған.
Ә.Қара М.Шоқайға деген осы ынта ықыласын жоғалтпай, ол туралы деректерді жинастыра жүріп 2002 жылы ғылми негіздегі еңбегін жазып, осы тақырып бойынша докторлық диссертация қорғаған. Ә.Қараның айтуынша оның жазған кітабы тек дерек фактілерге негізделген, ойша қосылған ешбір дүние жоқ. М.Шоқайға қатысты кітапта айтылған жайттардың барлығы дерек көздеріне сілтеме жасалып отырады.
Кітап авторының айтуынша ол ғылми еңбегін жазған кезде бейтараптық тұрғыдан яғни М.Шоқайдың кім екендігін анық түрде ешбір қоспасыз, артық мақтаусыз шығаруға тырысқан. Кітапта Шоқайдың тек саяси іс-қимылдары ғана емес, сонымен қатар оның жеке өмірінің көптеген қырлары да әңгіме етіледі.
Шоқайдың елден жырақта Еуропада өмір сүрген ортасы туралы кең мағұлмат беріледі. Кітап тұсаукесері кезінде мәлім болғандай, «Қазақфильм» келесі жылдан бастап осы Ә.Қараның көлемді монографиялық кітабы негізінде «Мұстафа Шоқай» деген атпен екі сериялы көркем кинофилым түсіруді қолға алмақшы. Кітаптың қазақша аудармасын «Арыс» баспасы 1000 данамен басып шығарыпты.