Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясының мамандарының айтуынша, ресейлік әріптестері әрі отандастары Тимур Бекманбетовтың “Түнгі шолғыншы” (“Ночной дозор”) атты фильміне ТМД елдерінен ғана емес, кино өндірісі өркен жайған Америка Құрама Штаттары сынды мемлекеттерден де үлкен назар аударылуы аталған картинаға және бір жауапкершілікпен қарауға түрткі болған дейді.
Сөйтіп, аталған фильмді одан әрі дамытып, толықтырылып жазылған сценарий бойынша, қазақ даласындағы ұлы қолбасшылардың бірі Темірлан бейнесі – тарихи тақырып ретінде енгізілген екен. Ал мұны түсіру үшін режиссер Тимур Бекманбетов Ш.Айманов атындағы “Қазақфильм” киностудиясына қараша айында хабарласып, келісім бойынша 4-5 күнде түсірілімдерін аяқтайтындығын айтқан болатын дейді киностудия қызметкерлері. Негізінен “Көшпенділер” фильміне жасалған декорацияларды пайдалануды сұраған әріптесімізге оны сол күйінше қайталау болып жүрмесін деген талап қойдық дейді “Қазақфильм” киностудиясының маманы Болат Жетекбай.
Біз Қапшағай қаласының маңында “Түнгі шолғыншы” фильмінің екінші бөлімін түсіріп жатқан режиссер Тимур Бекманбетовпен тілдесе алмағанымызбен, осы картинадағы Қазақстан жағынан басты ролді сомдап жатқан актер Нұржұман Ықтымбаев өзіне бұл кино түсіру тобымен жұмыс істеген үлкен мектеп болғанын айтты.
Ал қазіргі ҚР парламенті мәжілісінің депутаты, кезінде Тимур Бекманбетовпен Мәскеуде біраз жұмыс істеген Ғаділбек Шалахметов “Түнгі шолғыншы” фильмінің біріншісінде де, екіншісінде де қазақи танымның үстемдігі байқалатынын айтады. Бұл “Түнгі шолғыншы” фильмінің біріншісі ТМД елдерінде барлық американдық блокбастерлерді басып озып, 16 млн. АҚШ доллары пайда әкелген. Ал фильмді АҚШ-та көрсету үшін ең ірі “20 ғасырФокс” атты кинокомпания сатып алған.
Сондай-ақ картина “Ең үздік шетелдік фильм” номинациясы бойынша “Оскар” сыйлығына ұсынылып отыр.