Accessibility links

Қазақстандықтар тұтынып отырған тағамның сапасы қандай?...


Қазақ Тағамтану академиясының мамандары республика азаматтары йодталған ұн пайдалануы керек, деген мәселе қойып отыр. Қазіргі кезде мамандардың айтуынша, мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды тұтынып отыр, бірақ мемлекетте бар йодтың жетіспеушілік мәселесін шешу үшін, бұл бағытта жасалып жатқан жұмысты арттыра түсу керек. Мұндай мәлімдемені Тағамтану академиясының мамандары желтоқсанның 23-ші жасады.

Қазақстан азамттарының тұтынып отырған тағамын зерттейтін мамандардың айтуынша, қазақстандықтар тұтынып отырған азық-түлік сапасы соңғы жылдары жақсарған. Бірақ экологиялық тұрғыдан алғанда бұл тағамдардың сапасын жарсарту үшін әліде болса, түрлі шараларды іске асыру керек,- дейді Қазақ Тағамтану академиясының президенті Төрегелді Шарманов: -Таза деген ұғымды әр –түрлі түсіну керек, мысалы тағам құрамында бір зат жетіспей тұрса, онда бұл өнімді таза деп айтуға болмайды. Витаминдері жетіспей тұрса, өнімнің сапасы төмен, деп есептеледі. Сонымен қатар өнім құрамында түрлі қоспалар көп болса, онда бұл тағамда сапалы өнімге жатпайды. Бұрыңғы уақыттарға қарағанда, қазіргі кезде қоспасы бар өнім азайып келе жатыр.

Тағамтану академиясы мамандарының айтуынша, қазақстандықтар дұрыс тамақтанбағандықтан олардың ағзасында түрлі витаминдердің жетіспейтіндігі байқалады. Қазіргі кезде мемлекет азаматтарының 90 проценті йодталған тұзды пайдаланғанымен, әліде де болса, оларға көптеген винатмин керек. Академик Төрегелді Шармановтың айтуынша, бұл витаминдерді ұнға қосқан дұрыс. Төрегелді Шарманов, Тағамтану академиясының президенті: -

Жалпы алғанда витамин жетіспеушілігі әрдайым байқалып тұрады. Әсіресі С витамині жетіспей тұрады. Сол себептен азаматтарымыз дұрыс тамақтануы керек, сонымен қатар, азаматтарымыз пайдаланатын ұн түрлі витаминдермен байытылып тұруы тиіс. Қазіргі кезде бізде ұнды витаминдермен байытатын мүмкіндік жоқ.

Жалпы, бұл мәселелерді атамағанда Тағамтану академиясының жетекшісі Төрегенді Шарманов қазақстандықтардың тағамы сапалы деп есептейді. Осыған байланысты біз кейбір алматылықтардың пікірін білуге тырыстық. Алматы тұрғындары: - Мен өзім тұтынатын тағам сапасы өте жоғары деп ойлаймын, сапасы жағынан да, экологиялық тұрғыдан алсақ та. Себебі мен барлығын өзім таңдап, қарап алып жүремін. Мен түрлі қоспасы бар өнімдерді мүлдем алмаймын, бұл өнімдерді тамақ, деп есептемеймін де.

-Мен өзім тұтынып отырған өнімнің сапасына мүлдем риза емеспін, себебі сатып алатын тағамдарымыздың құрамында түрлі қоспалар бар. Ал базардан мүлде азық-түлік алмауға тырысамын, себебі ондағы өнімнің сапасына еш кім жауап бере алмайды. Оның себебін айтатын болсам, сауда жасайтын кез-келген адам, белгілі бір мөлшердегі ақшаға өзіне қажетті құжатты сатып алып, өнім сапалы деп, айта алады. Сол себептен мен азық-түлік алғанда өте сақ болуға тырысамын.

Бүгінгі таңда йодтың жетіспеушілігі салдарынан Қазақстанның 11 облысында тұратын азаматтардың денсаулығына қауіп төніп тұр. Мамандардың айтуынша, соңғы 3 жылда осы бағытта түрлі шаралар іске асып, мәселе біртіндеп шешімін тауып келе жатыр.
XS
SM
MD
LG