Мемлекеттік теледидардың хабарлауынша, жаңа кабинет құрамына кірмей қалғандардың қатарында бұрынғы қорғаныс министрі Мохаммед Казим Фахим, қоғамдық жұмыстар министрі Гул Ага Шерзай және президенттік сайлауда Қарзайға басекелес болған бұрынғы білім министрі Юнус Кануни бар.
Қарзай Қорғаныс министрі етіп Абдул Рахим Вардакты, Энергия министрі ретінде Исмаил Ханды бекіткен.
Бұрынғы Сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла мен İшкі істер министрі Ахмед Жалали өз орындарында қалған.
Ауғанстанды үш жыл уақытша басқарған Хамид Қарзай 9 қазанда өткен сайлауда президент болып сайланған болатын.