Accessibility links

АҚШ-ң қорғаныс министрі Доналд Рамсфелд Ирақтың Мосул қаласына күтпеген жерден сапармен барды


Ол бүгін таңертеңгісін қалаға келе салып, сейсенбі күнгі жарылыста жарақат алғандар емделіп жатқан ауруханада болды. Американдық билік пен әскери басшылар жарылыс өзін-өзі жарған жанкештінің әрекеті деген ойда. Ирақ жеріндегі АҚШ жасақтары арасында сейсенбіде орын алған жанкештілік жарылыстан бері алаңдаушылық ұлғайды. Генерал Картер Хэм СНН арнасынан берген сұхбатында бұған ұқсас жарылыстардың тағы да қайталану қаупіне назар аударды. Кешегі күні Фаллужаға оның 900 дей бұрынғы тұрғыны қайтып оралған. Дегенмен де қаланың оңтүстігі мен солтүстік батысында АҚШ жасақтары көтерілісшілермен шайқастар жүргізген.
XS
SM
MD
LG