Қоғамдық пікір сауалнама нәтижелері басымдықтың Ющенко жағында екендігін байқатқан.
Оппзиция үміткері Виктор Ющенко егер сайлауда жеңіске жетер болсам, Европамен тығыз ынтымақтастық жағдайында жұмыс істейтін боламын деп айтты. Ал премьер-министр Виктор Янукович өз бәсекелесін шетелдік топтардың қолдауы мен ықпалына сүйеніп отыр деп айыптады.
Жексенбі күнгі Украинадағы дауыс берулер барысын 12 мың шетелдік бақылаушы қадағалайтын болады.
Президенттік сайлаудың 21 қарашадағы екінші кезеңінде Янукович жеңіске жетті деп жарияланған қорытындыны бұрмалаушылық пен көзбояушылық болды деп, Жоғарғы сот жарамсыз деп тапқан болатын.
Кеше кешкісін Украина президенті Леонид Кучма барлық украиндықтарды еркін де аділ сайлаулар өткізуге шақырды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты