Газ танкерінің жарылысынан 1 адам опат болып, 19 адам жарақаттанған. Американдық әскери өкілдің айтуынша, ол Ливия елшілігіне жақын жерде жарылған.
Рамсфелд жұма күнгі Ирақтағы сапарын президент Ғази әл-Иауарримен кездесумен аяқтады, одан бұрын ол Мосул, Тикрит, Фаллужа қалаларында болды.
Рамсфелд мұндағы әскерлерге сіздердің Ирақтағы атқарып жатқандарыңыз тарихи істер деп атап көрсеткен:
-Егер мұнда сіздер мен біздер және коалиция табысты болатын болса, экстремистердің жоғалтатыны көп болады. Егер экстремистер бұл елді қайта қолдарына түсіріп, оны түнекке айналдырар болса, тарихи мүмкіндік жоғалған болар еді,-деген Рамсфелд.
Бұл аралықта АҚШ осы аптада Мосулда 22 адамды өлтірген жарылыс себептерін зерттеп-тексеруге генерал Ричард Формикті бекітті. Формик бұдан бұрын АҚШ солдаттарының Ирақ түрмелеріндегі тұтқындарды азаптау жайттарына тексеру жүргізген болатын.