ТАШКЕНТ: Бүгін Еуропадағы қаукіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйым Өзбекстанда жексенбіде болып өткен сайлау халықаралық стандарттарға лайық өтпегенін атап көрсетті. Аталмыш еуропалық Ұйымның демократиялық институттар және адам құқықтары бойынша кеңсесінің жетекшісі Любомир Копай жексенбілік сайлау еркін бәсекелестік жағдайында және әділ өтпеді деп мәлімдеді: “Өкінішке қарай, Өзбекстандағы сайлау оның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық бойынша Ұйым алдындағы міндеттемелеріне және өзге де халықаралық стандарттарға сай өтпеді. Ресми биліктің сайлау заңын атқаруы сайлаудың еркін әрі сөз бостандығы жағдайында және әділ өтуіне кепіл бола алмағаны өкінішті”.
Л.Копай (ЕҚЫҰ): “Өкінішке қарай, Өзбекстандағы сайлау оның ЕҚЫҰ-ы алдындағы міндеттемелеріне және өзге де халықаралық стандарттарға сай өтпеді”.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Бодандық немесе аннексия тарихы. Азаттықтың эфирі неге "Елім-ай" мақамымен басталған?
AzattyqTV