Қайсібір саясаттанушылар Украинадағы президенттік сайлауға АҚШ-пен Ресейдің текетіресі деген баға берген. Ал, саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, бұл тек шартты түрде айтылған нәрсе:
- Шығыс жағынан шынайы демократиялық идеялармен шыққан адам болғанда, ол жеңер еді. Владимир Путиннің өзі барлық протоколды ысырып тастап, екі рет барып Янукович үшін ашық үгіттегеннің өзінде, Батыс жеңіп отыр.
Саясаткер Жұмабай Доспановтың айтуынша, Қазақстандағы халыққа деген көзқарас өзгермесе, алдағы сайлауларда Қазақстанда Украинадағы жағдай қайталануы ықтимал:
- 95 жылдан бері Қазақстанда таза сайлау өткізілген жоқ, сөйте тұра бір адам жауапқа тартылған жоқ, ал, Украинада бір айда 136 қылмыстық іс қозғалды. Мынадан кейін, билік халыққа көзқарасын өзгертпесе, алдағы сайлаулар Украинадағыдай халықтың алаңға шығып, билікті қолдарына алуымен аяқталады.
Саясаттанушы Әзімбай Ғалидің пайымдауынша, Қазақстанда Украинадағыдай жағдай қайталануы екі талай:
- Қазақстанда Украинадағы варияант болмайды Украинадағы революция орындалмаған үміт революциясы, Қазақстанда әлеуметтік жайғдайлар тез жақсарғанға байланысты үміттер ақталып жатыр.
Қазақстандық оппозиция өкілдері желтоқсанның 26 күні Украинадағы президенттік сайлаудың екінші кезеңінің қайта өткізілген дауыс беруі нәтижесінде Ющенконың жеңіске жетуін үлкен тарихи уақиға деп бағалайды. Саясаткер Жұмабай Доспановтың айтуынша, соңғы кезде оппозициялық күштердің жеңіске жетуі, жер шарында 21 ғасырда демократиялық күштердің мерейі үстем болатындығын көрсетеді:
- Мұның алдындағы Румыниядағы оппозицияның жеңіске жеткені, бұл енді демократиялық күштердің режимге бой бермейтіндігін көрсетіп жатыр, Украинадағы жеңіс қазақстандық билікке сабақ болады, деп есептейміз.
Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, Украинадағы сайлау Ресейдің де, Қазақстанның да билік басындағыларын мықтап ойлантуға тиіс:
- Ресейде, енді, ойлануы керек, Украинада қаншама орыс қандастары бар болғанымен одан айырылып қалғансоң, бұл сабақты Қазақстан Ресейден көруі мүмкін.
Украинаның Қазақстандағы елшілігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанда тұрып жатқан 195 украиндың азамат дауыс беріп, олардың 62 пайызы Януковичті қолдаған. Ешілік қызметкері Анатолий Чабанның мәліметінше Астанада 114 адам сайлауға қатысқан, оның ішінде Янукович үшін 60 адам дауыс берсе, 50 адам Ющенконы қалаған.
Алматыдағы Украина Бас консулдығының қызметкері Николай Сухопардың мәліметінше Алматыда 81 адам сайлауға қатысқан, оның ішінде Янукович үшін, 61 адам дауыс берсе -18 адам Ющенконы қалаған.
Саясаттанушы Әзімбюай Ғали Украинадағы сайлауда Янукович саяси технологияларды дұрыс пайдаланып, бірқатар қателер жібермесе жеңіске жетуіне болатын еді, дейді:
- Янукович дәстүрлі элита Кучмамен араздасып қалды, сосын ол сепаратизм картасын ойнады, сөйтіп өзінің электоралды қорын азайтып жіберді. Тағы бір қатесі, ол ашық ресейшілдік пиғылды көрсетті.
«Украинаның адам құқығы жөніндегі Хельсинки одағының» мәліметінше, Украинадағы 2004-сайлау барысында адам құқықтарының бұзылғандығы тіркелген. Бұл туралы одақтың атқарушы директоры Владимир Яворский хабарлаған болатын. Қазір, саясаттанушылардың біразы осы олқылықтар болмаса, Украинадағы сайлау қайталанып өткізілмес еді, деген пікірлерін білдірткен.