Орталық сайлау коммиссиясының өкілі Чарикованың айтуынша, арызда көрсетілгеніндей, 225 сайлау бекетінде сайлау заң бұзылған көрінеді. Коммиссия ол арызды 2 күн ішінде қарап жауап беруі тиіс. Егер коммиссия арызбен келіспесе онда Янукович Жоғарығы сотқа шағымдануы мүмкін екен.
Бұл арада, Виктор Юшенконың тлабымен оның қолдаушылары Үкімет үйін қоршап алғандықтан, ол жерде Үкімет мәжілісі өткізілмеді. Екі апта бұрын Парламент Януковичтың кабинетіне сенімсіздік жариялаған болатын.
Дегенмен қызметтен кетіп бара жатқан президент Кучма әзірше бас министр Януковичты өз қызметінде қалдырып отыр.
Украина бас министрі президенттіктен үміткер, бірақ жеңіліске кезіккен Янукович соңғы сайлау нәтижелері бойынша арыз берді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Жерге жығып, дубинкамен сабаған"
Қаңтар құрбаны Жасұлан Анафияевты азаптап өлтірді деп айыпталған полицейлер сотталды
AzattyqTV