Accessibility links

Дүниежүзілік денсаулық ұйымы: Дер кезінде көмек жетпесе, Оңтүстік Азия елдерінде эпидемиялық аурудан тағы да он мыңдаған адам жарық дүниемен қоштасуы мүмкін.


Индонезиядағы Халықаралық денсаулық ұйымы жетекшісі Набарроның айтуынша, егер эпидемия ауруы басталса тағы 70 мыңдай адам өлуі мүмкін. Оған бұзылған мәйіттер, ластанған су тікелей сепебші болмақ. Әлем елдерінен көптеген көмек келе бастады. Бірақ ресми деректерге қарағанда, апат қырғыны да аса үлкен. Индонезияның Ачех уалаятында жұрт аштыққа кезігіп отыр. Шри Ланка, Индонезия, Үндістанның Андаман және Никобар аралдарындағы апатты аймаққа жету қыйынға түсіп отыр.

-Апатқа кезіккен бұл мемлекеттердің экономикалық саласы үлкен зардап шегіп отыр. Ол аймақтардағы қайта құру шаралары үшін қомақты инвестиция қажет болады. Аустралия, АҚШ, Жапония сықылды елдер айтарлықтай қаржы көмегін беруге дайын,- дейді Аустралия сыртқы істер министрі Даунер. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бұл цунами апатынан қаза болғандар саны 70 мың шамасында. Бірақ осыдан 3 тәулік бұрын апатқа ұшырағандардың мәйіті әлі де болса көптеп табылуда. Жарақат алғандар 100 мыңдап есептелсе, баспанасыз қалғандар млннан асып жығылып ойыр. Жалпы апат 11 мемлекетті қамтыған.
XS
SM
MD
LG